Индонезияда су тасқыны кезінде 11 адам жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда су тасқыны кезінде 11 адам жоғалып кетті

05.11.2021

Индонезияның Шығыс Ява аралында төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, 11 адам жоғалып кеткен. Оларды арнасынан асқан өзеннің суы алып кетті деген болжам бар. Екпінді сел көліктерді шайып әкетіп, ағаштарды құлатып, талай үйге зақым келтірді. Апаттан, әсіресе, Маланг және Бату қалалары қатты зардап шекті. Қазір Шығыс Явада іздеу-құтқару операциялары жүргізіліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу