Лаоста дамба құлап, жүздеген адам жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лаоста дамба құлап, жүздеген адам жоғалып кетті

24.07.2018

Лаостың оңтүстік-шығысында су электр станциясының салынып жатқан бөгеті құлап, жүздеген адам жоғалып кетті. Оқиға кезінде 5 млрд. текшеметр су төгілген.

Елдің Аттапэу провинциясындағы 6 ауылды су басып, 6,5 мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Кейбір тұрғындар тасқыннан қорғану үшін үйлерінің шатырларына шығып алған.

Бөгетті салушы компания өкілдерінің мәліметінше, оның бұзылуына дамылсыз жауған жаңбыр мен су тасқыны себеп болған. Су деңгейі көтеріліп, тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу