Непалдағы су тасқыны кезінде 20 адам жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалдағы су тасқыны кезінде 20 адам жоғалып кетті

18.06.2021

Непалда үш күн бойы толассыз жауған жаңбыр соңы алапат су тасқынына ұласып, 7 адам қаза тапты. Тағы 20 шақты тұрғын із-түссіз кеткен. Жоғалғандардың ішінде 6 шетелдік бар. Олар - көрші Қытай мен Үндістан азаматтары.

Қазір топан жайлаған аудандарда іздеу-құтқару және эвакуациялау операциялары жүргізіліп жатыр. Халықтың бір бөлігі биік жерлерге көшірілді. Ал, судың ортасында қалған үйлердің тұрғындарына көмекке тікұшақтар жіберілді.

Қазір Нараяни өзені арнасынан асуға жақын. Сондықтан, жергілікті билік елді сақ болуға шақырды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу