Индонезияда су тасқынынан 19 адам қаза тапты
Индонезияның Батыс Суматра провинциясында болса бірнеше күн бойы төпелеп жауған жаңбырдан су тасқыны басталды. Соңғы мәліметке қарағанда, 19 адам қаза тауып, жетеуі жоғалып кеткен. 70 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Ал аймақ астанасы Паданг қаласы мен сегіз ауданда 700-ге жуық үй, бірнеше көпір мен мектептер зақымданды. Жергілікті билік егістік алқаптарын су шайып кеткенін мәлімдеп отыр. Индонезияда жаңбыр маусымы қаңтарда басталды. Синоптиктердің хабарлауынша, жауын алдағы күндері жалғасып, кейбір елдімекендерде лай көшуі мүмкін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеке мектептерге талап күшейеді
17.01.2026, 20:10
Астанада Талдау мектебінің бесінші маусымы ашылды
17.01.2026, 20:07
Павлодар облысында өрт кезінде екі баласынан айырылған отбасына баспана берілді
17.01.2026, 20:06
Бесқайнар ауылының қоқыс полигонына 347 миллион теңге айыппұл салынған
17.01.2026, 20:03
Энергетика министрі үшінші жылу электр орталығының құрылысын сынға алды
17.01.2026, 20:02
Иранда жаппай шерулер кезінде қаза тапқандар саны 3090-ға жетті
17.01.2026, 20:01
Ақ Үй Газа секторын уақытша басқаратын кеңес мүшелерінің есімдерін атады
17.01.2026, 20:00
Қазақстанның транзиттік әлеуеті артып келеді
17.01.2026, 19:57