АҚШ-тың Кентукки штатында су тасқыны кезінде жүздеген адам жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Кентукки штатында су тасқыны кезінде жүздеген адам жоғалып кетті

02.08.2022

АҚШ-тың Кентукки штатында су тасқыны кезінде жүздеген адам жоғалып кетті. Тағы 37 тұрғын қаза тапқан. Құрбандардың ішінде 6 бала бар. Штат басшылығының айтуынша, мерт болғандар саны әлі өсуі мүмкін. Өйткені, талай адам табылмай жатыр. Бұған қоса, 12 мыңдай үй жарықсыз қалып, жүздеген баспана мен кәсіпорынды су басқан. Және де жолдар, көпірлер бұзылып, инфрақұрылымға миллиондаған доллар шығын келді. Қазір апат жайлаған аудандарда іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу