Жетісу жерінде Жолбарыс бидің ескерткіші ашылды
Биыл Жолбарыс би Жылқайдарұлының туғанына 350 жыл. Жетісу жерін жоңғар шапқыншылығынан азат етуге қатысып, қол бастаған батыр, шаршы топта сөз бастаған шешен болған Жолбарыс бидің қазақ елінің Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасын нығайту жолындағы еңбегі ерен. Айтулы датаға орай Талдықорғанда қайраткер есімі ұлықталып, еңселі ескерткіш бой көтерді.
Жетісу жерінде туып өскен даңқты тұлға ел бірлігін сақтап қана қоймай, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама кезеңінде де батырлығымен танылған. 90 жасаған би ел ішіндегі дауларды шешіп, көрші елдермен де бітімгершілік миссияларды атқарған. Бүгінгінің тілімен айтқанда шебер дипломат та бола білген.
Омархан Өксікбаев, «Жолбарыс би» қоғамдық қорының төрағасы:Осы істерінің бәрі бүгінгі ұрпаққа өнегелі болып, біз насихаттасақ және солар сол өмірді, отаншылдықты, елшілдікті, әділдікті алға ұстайтын бойларына қасиет тұтса біз атқарған ісіміздің нәтижесі болған деп білген болар едік.
Ескерткіштің ашылуынан кейін «Рухты елдің Жолбарысы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды. Ұлт
зиялыларының басын қосқан шарада «Аңыз боп жеткен абыз» және «Жылқайдарұлы Жолбарыс би елінде» деген қос кітап оқырманға жол тартты.
Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы:Жолбарыс би сияқты тұлғалар болмаса халықтың күйі ауыр болар еді. Біз қазір халқымыз өсті, өнді, мемлекеттігіне ие болды дейміз. Ол жайдан жай болған нәрсе емес. Осы Жолбарыс би сияқты ірі тұлғалардың қызметінің нәтижесі деп қарауымыз керек.
Жолбарыс би туралы тың деректер Қытай елінің мұрағаттарында сақталуы мүмкін. Тарихшы қауым алдағы уақытта өз зерттеулерін осы бағытқа бұрмақ.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13