Құс тұмауы жабайы құстардан жұққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құс тұмауы жабайы құстардан жұққан

27.10.2021

Үйдегі тауық және қаз-үйректерге құс тұмауы жабайы құстардан жұққан. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің басшылары осындай қорытынды жасап отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Солтүстік Қазақстанның Тимирязев ауданында құс тұмауының ошағы анықталып, 230 қаз-үйрек пен тауықтың өлексесі өртелді. Қыркүйек айында Павлодардың Лебяжье ауылында да осы ауру тіркеліп, мыңнан астам қанатты қырылған.

Жалпы, осы өңірдегі құс өсірушілер өткен жылы да қып-қызыл шығынға батты. Сондықтан биыл құс тұмауына қарсы вакцина 5 есе көп салынуда. Қазір эпизоотиялық жағдай тұрақты дейді, мамандар. Дегенмен ел аумағында құстардың қауіпті инфекциясы әлі де бар.

Бауыржан Абызбаев, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

Ауру жабайы құстардан келіп отыр. Солтүстіқ Қазақстан, Ақмола облысында пайда болған ошақтар жаңадан туған және басқа жақтан әкелген құстардан шығып отыр. Олар вакциналаудан өтпеген. Шыққан ошақтардың айналасын 20 шақырым вакцинация жасаймыз және жабайы құстардың ұшуын байқап отырып, Қазақстан аумағында қауіпті жерлерді вакцинациялаймыз.


Хабарламаларға жазылу