Достық станциясындағы құрғақ порт тәулігіне 600 вагон қабылдап, өткізе алады
«Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында транзиттік жүк легін 30 млн тоннаға дейін жеткізу көзделген. Бұл орайда Алматы облысындағы Достық станциясының әлеуеті жоғары. Елді-мекенде жылына 80 мың контейнер өткізетін жаңа құрғақ порт қолданысқа берілді. 150 гектар аумақта 9 шақырымдық темір жол тартылып, уақытша жүк сақтау алаңдары салынды. Кәсіпорында 100-ге жуық адам еңбек етеді.
Дархан Әубәкіров Алакөл ауданы Көктұма ауылынан келіп вахталық әдіспен жұмыс істейді. Контейнерлерді пойызға тиеп, түсіріп отырады. Маусым айынан бері біраз тәжірибе жинап, техниканың қыр-сырын жылдам меңгеріп алды.
Дархан Әубәкіров, оператор:Заманауи енді қолданысқа беріліп жатқан программа. Осы планшет арқылы жұмыс істейміз біз. Команда береді. Жұмыс ауыр емес. Жақсы.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:Достық стансасындағы құрғақ порт тәулігіне 600 вагон қабылдап, өткізе алады. Қазіргі таңда бұл жерде екінші терминал салынып жатыр. Ол іске қосылса порт қуаттылығы екі есе артатын болады.
Былтыр Достық-Алашанькоу шекара өткелі арқылы 213 мыңнан астам вагон жүк экспортталып, 164 мыңға жуық вагон тауар импортталды. Алайда биыл бұл қарқын болмай тұр. Басты себеп - пандемия. Десе де құрғақ порт өзіне жүктелген жұмыс ауқымын төмендеткен емес.
Асхат Сүлеев, «Достық транс терминал» ЖШС бөлім басшысы:Күнделікті 10 құрам қабылдауға мүмкіншілік беріп отыр. Демек он поез. Бір құрамды бір, бір жарым сағатта өңдеп шығаруға дайынбыз.
Сондай-ақ халықаралық маңызы бар Үшарал-Достық жолының қайта жаңғыртылуы Президент пәрмен еткен 10 ұлттық жобаның жүзеге асырылуына өзіндік серпін бермек. Қазір 180 шақырымға созылған автомагистральдің 70 пайызымен көлік қатынай бастады.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«OzgeEpic»: Жертөледен креативті хабқа дейін
08.03.2026, 22:39
Каспийдің суы неге тартылып барады?
08.03.2026, 20:09
Тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға болмайды: Не өзгереді?
08.03.2026, 19:59
Президент Отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілетінін айтты
08.03.2026, 19:57
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Мұнай бағасының қымбаттауы Қазақстанға қалай әсер етеді?
08.03.2026, 19:53
Түрлі кәсіпті меңгерген қыз-келіншектер
07.03.2026, 20:19
«Қарағанды-Жезқазған» тасжолының құрылысы келесі айда басталады
07.03.2026, 20:11
Халық пікірі: Жаңа Конституция жобасы – мемлекет дамуының жаңа кезеңі
07.03.2026, 20:09