Семейде мұғалімдерді сабақ уақытында сенбілікке шығарған шенеуніктер жауапқа тартылды. Ұстаздарға көше сыпыруға нұсқау берген қала әкімінің орынбасары Димитрий Гариковты Білім және ғылым министрлігі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы хат жолдаған. Ал қалалық білім бөлімінің бастығы Наталья Фесенко сөгіс алған.
Әкімшілік қызметкерлермен қатар мектептің директоры мен директордың міндетін атқарушыға қатысты да әкімшілік жаза тағайындалды.