Қазақстанда тұңғыш рет ғылыми тарихи-интерактивті карта жасалды
Қазақстанда тұңғыш рет ғылыми тарихи-интерактивті карта жасалды. 3Д форматтағы картаны жасауға 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырма берген болатын. Танымдық материалмен елдің кез-келген азаматы Қазақстан халқы ассамблеясы сайтына кіріп, таныса алады. Ұлттық өнер, салт-дәстүр, мәдени орталықтар жөнінде ақпарат ала алады. Интерактивті сілтеме арқылы қазақ халқының тарихына бойлайды. Сондай-ақ, азаматтар жаңа карта арқылы мемлекетімізде тұрып жатқан этнос, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері, олардың аймақтық шоғырлануы жөнінде де мағлұмат ала алады.
Алтын Уалтаева, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері:
Ғылыми интерактивті картаға елде тұрып жатқан 56 этнос өкілі туралы мәлімет берілді. Алдағы уақытта 130-дан астам ұлт пен ұлыстың бәрін қосамыз. Сондай-ақ, ел президенттері жөнінде де толыққанды ақпарат бар. Картадағы ақпаратты 3 тілде бірдей алуға болады.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
