ШҚО-да «Туған жер – Алтын бесігім» жәрмеңкесі өтті
Шығыста «Туған жер-алтын бесігім» жобасы қайта өткізіле бастады. Әр апта сайын, аудан өнерпаздары өзара байқау өткізіп, қолөнер шеберлерінің көрмесі және жәрмеңке ұйымдастырылады.Бұл жолы Өскеменге Самар ауданының өнерпаздары мен кәсіпкерлері келді. Жәрмеңкеге самарлықтар үш тоннаға жуық өнім әкелді. Ондағы баға жалпы нарықтағыдан 20-25 пайызға төмен. Мәселен картоп пен қызылшаның келісі – 200, пияз – 140 теңге, қарақұмық – 220, бұршақ – 200 теңгеден саудаланды. Ал қазір базардағы еттің келісі түріне қарай 4500-5000 теңге болса, жәрмеңкеде 3500–3 800 теңгеден сатылды. Өнімдерін жәрмеңкеге арзанға ұсынатын кәсіпкерлерге облыс орталығынан сауда жасайтын орын тегін ұсынылады.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04