Басты Жаңалықтар Түркістан облысы «Taza Qazaqstan» Road-эстафетасын қабылдады

Түркістан облысы «Taza Qazaqstan» Road-эстафетасын қабылдады

«Taza Qazaqstan» Road-эстафетасы бүгін Түркістан облысының тарихи жерлерінде жалғасты. Экоакцияға қатысқан  жастар мен жергілікті тұрғындар Сауран қалашығын кұл-қоқыстан тазалады. Табиғат жанашырлары  экологиялық мәдениетті  қалыптастыруға сеп болатын түрлі байқаулар ұйымдастырды.

Шорнақ ауылында ұйымдастырылған  спорттық жаттығуға  эко белсенділер мен жастар рухы жастар қанатының мүшелері және жергілікті тұрғындар  бір кісідей қатысты. Оларға «Чемпиондық рух» жобасының спикерлері бағыт-бағдар беріп, жиналғандар арасында түрлі жарыс ұйымдастырды.

Қанат Рысбек, жеңіл атлетикадан Азия ойындарының жүлдегері:

 «Чемпиондық рух» «Таза Қазақстан» акциясымен бірге. Аңда тазалыққа шықпай тұрып, осы «Таза Қазақстан» акциясына қатысатын барлық жастармен, осы өңірдегі адамдармен дене қызу жаттығулары. Керемет көңіл күймен «Таза Қазақстан» акциясын бастаймыз.

30 қыркүйек күні бастау алған экологиялық эстафета аясында екі мыңға жуық белсенді Алматыдан Қызылорда облысына дейінгі аралықты күл-қоқыстан тазартып, жиналған қалдықтарды сұрыптауға жөнелтуде. Игі бастаманы Түркістанның  еріктілері қабылдап, эстафетаны жалғап кетті. Алматыдан шыққан керуен мен жергілікті жастар, ауыл тұрғындары Сауран тарихи қалашығы аумағын қоқыстан тазартты. Төрт күннен бері осы шараға атсалысып жүрген табиғат жанашырлары қашанда тазалық сақтаудың маңызды екенін түсіндік дейді.

Ұлмира Ізбасар Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ студенттік президенті:

 Менің өзім осынша қоқыс тек қана жолдың бойында бар екеніне көзім жетті да мысалы. Одан бөлек бізде қаншама өңірлер бар, қаншама қалалар бар. Ол жақта жатқан қаншама қоқыстарды біз әлі тіптен білмейміз мысалы. Осыған дейін мен ойлаған жоқпын, осыншама экологиялық проблемамыз бар деп.

Гүлім Амантайқызы, Қызылорда қаласының тұрғыны:

Жастар арасында менталитет бар ғой. Қоқыс тазаласам немесе біреудің тастап кеткен қоқысын жинаймын ба деген деген секілді ойлар қалыптасқан. Біз сол ойға, сол менталитетке қарама қарсы шығып, мусор тастаған жастарды одан қайта әрмен қарай патриоттққа шақырып жатырмыз.

Түркістан облысының бес ауданында эко акция ұйымдастырған белсенділер бүгін Қызылорда облысына жол тартты. Алматы облысынан шыққан белсенділер 1200 шақырым бойы жол жиегін тазартпақ. Жеті күнге созылатын экоэстафета 6 қазан күні Қызылорда қаласында қорытындыланады.

Бөлісу