Шекарашылар африкалық жүздеген мигрантты Испанияға өткізбеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарашылар африкалық жүздеген мигрантты Испанияға өткізбеді

07.10.2021

Марокко үкіметінің күштері Испания аумағына заңсыз өтпек болған жүздеген африкалық мигрантты тоқтатты. Босқындарды өз жеріне кіргізбеу операциясына еуропалық корольдік тарапы да азаматтық гвардиясының жауынгерлері мен шекарашыларын жұмылдырған.

Айта кетсек, биыл мамырда Испания өз жерінде көрші ел басшылығына қарсы майданның жетекшісін коронавирустан емдеуге рұқсат берді. Бұған ашынған Марокко шекарадағы бақылауды екі күнге әлсіретіп, Испания жеріне 8 мыңдай адам енген еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу