Италия жүздеген мигрантты қабылдамай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италия жүздеген мигрантты қабылдамай отыр

14.08.2019

Италия ішкі істер министрі Маттео Салвини мигранттардың екі кемесін ел жағалауына тоқтатпайтынын ескертті. Олардың бортында 500-ден астам босқын бар. Бұл мигранттарды Франция мен Испанияның қайырымдылық ұйымдары Жерорта теңізінен құтқарып алған. Алайда, қос кеме әлі портқа жете алмай, Италияның Лампедуза аралының маңында жүзіп жүр.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропа елдері үкіметтерін бұл дереу іске араласуға шақырды. Өйткені кемелер жүрген аумаққа қандайда бір дауыл жақындап қалған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу