Министрлік: Ресейлік көліктерге дизель отыны емес, бензин құйылған
Ресейлік көліктер Қазақстаннан дизель отынын нарықтағыдан төмен бағамен әкетіп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға қатысты бүгін еліміздің Энергетика министрлігі осылай жауап берді.
Видео авторы Ақтөбе облысында ресейлік нөмердегі көліктер дизель отынын көп көлемде және арзан бағамен алып, сыртқа шығарып жатыр дейді. Бірақ, энергетика министрлігі аталған жанармай станциясында дизель отыны мүлде сатылмайтынын жеткізді. Ал көліктерге литріне 164 теңге бағамен 92 маркалы бензин құйылып жатыр мәлімдеді. Мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмас үшін көктемде арнайы бұйрық шыққан. Оған сәйкес Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынған. Жағармайды көліктің зауытпен жасалған бензин бактарына және жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарға ғана құйып алуға ғана рұқсат.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қазақ өзін дәрменсіз емес, жасампаз ұлт ретінде сезінуі керек»
26.08.2026, 23:22
Әлем жаңалықтарына шолу
26.08.2026, 20:23
Шымкентте рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды
26.08.2026, 20:14
Димаштың мексикалық жанкүйерлері ерекше акция өткізді
26.08.2026, 20:13
Зейнетақы жинағын көбейтудің жаңа жолы ұсынылды
26.08.2026, 20:11
Алатау қаласының инвестициялық әлеуеті 6,9 млрд долларға жетті
26.08.2026, 20:10
Президент: Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі
26.08.2026, 20:09
Әлемдік классика жауһарлары – қазақ сахнасында
26.08.2026, 20:09