Тәліптер 1990-шы жылдардағы заңдарды қайта енгізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәліптер 1990-шы жылдардағы заңдарды қайта енгізіп жатыр

27.09.2021

Ауғанстанда «Талибан үкіметі Гельманд провинциясындағы шаштараздарға ер адамдарын сақалын алуға және күзеуге тыйым салды. Өйткені, жаңа биліктің ойынша, мұның бәрі ислам канондарына қайшы келеді екен. Дін полиция болса, бұл ережені бұзған кез-келген адамды жазалайтынын ескертіп отыр.

Осылайша, тәліптер жаңаша басшылық ету уәдесін бұзып, 1990-шы жылдардағы заңдарды қайта енгізіп жатыр. Айта кетсек, сенбі күні олар Гератта әке мен баланы ұрлап әкеткен төрт адамды ұстап, дарға асып, олардың мәйіттерін кранға іліп халыққа көрсетті.

Сонымен қатар, тәліптер билікке келгелі, Кабулде әйелдерді көлік жүргізуге үйрететін алғашқы мектеп уақытша жабылды. Оның қожайыны Налиб Дуррани кәсібін енді қашан жалғастыратынын білмей отыр. Айтуынша, Ауғанстанда әйелдердің қайта жұмыс істей бастауына тек халықаралық ұйымдар ғана көмектесе алады.


Хабарламаларға жазылу