Академия курсанттары киберқауіпсіздік негіздерін меңгереді
Қостанайда
полиция академиясының курсанттары заманауи цифрлық білім алуға мүмкіндік алды.
Былтыр ашылған киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасында олар
киберқылмыстарды анықтау, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және электронды
деректермен жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді. Оқу барысында жасанды интеллект
мүмкіндіктері де қолданылады. Мәселен, курсанттар ЖИ көмегімен Конституцияны
оқып-үйренуге арналған бейнероликтер әзірлеген. Мемлекет басшысы өз кітабында
«цифрландыру дәуірінде мәліметтер саф алтынға айналады» деп, ақпараттық
қауіпсіздік маңызын атап өтті. Сондықтан бұл жаңа заман талабына сай білікті маман
даярлауға бағытталған маңызды бастама.
Ерлан Намысов, облыстық полиция академиясы бастығының м.а.:
Президент цифрландыру дәуірінде ақпараттық қауіпсіздікке үлкен көңіл бөліп отыр. Цифрлық бағытында жұмыс істеліп жатыр. Осында курсанттар мультимедиалық парадигмалар жасайды. Мықты білім алады. Сол білімдердің барлығын болашақта практикада қолданады. Дронмен қалай пайдалану керек, FPV дрон бойынша, DJA бойынша қалай қолдану керек, сол бойынша білім алады.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21