Қарағандыда ерекше алма бақ жайқалып тұр
Қарағанды қаласындағы Орталық саябақта үлкен алма бақ бар. Мұнда былтыр 4 мың түп алма ағашы отырғызылған. Жас көшеттердің қазірден-ақ жайқалып, тамыр жайып келе жатқаны байқалады. Тіпті көктемде 90 пайызы гүлдепті. Ал келер жылы алғашқы жемісін бермек. Бұл - күтімі бөлек алма ағашының жерсінгенінің белгісі, дейді бағбандар. Бақта алманың үш түрлі сорты өсіріледі. Шаруашылық өкілдері алдағы уақытта жыл сайын 80 тоннаға дейін өнім алуды жоспарлап отыр. Білікті маман, агроном Сәкен Келдібаев бақтың басы-қасында жүріп, күтімін өз қолына алған. Қазір мұнда 10 шақты бағбан күнделікті қызмет етеді.
Сәкен Келдібаев, агроном:
Уақытында шырпып, уақытында дәрісін сеуіп, уақытында тыңайтқышын беріп, көктемде төрт мың алма ағашы тоқсан пайыздай түгел гүлдеді. Бұл деген өте жоғары көрсеткіш. Енді келесі жылы біз бірінші өнімін жинаймыз деп есептеп тұрмыз. Кемінде 20 келіден алма береді.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06