БҚО-да BalaQorgany AI жаңа цифрлық платформасы таныстырылды
Батыс Қазақстан облысында баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін BalaQorgany Ai жаңа цифрлық платформасы таныстырылды.
Өңірде балаларға қатысты қылмыс саны азаймай отыр. Әсіресе жасөспірімдер арасында топтық қылмыс
5-тен 16 дерекке дейін өскен. Оның ішінде тонау, ұрлау, бұзақылық деректері
бар. Қылмыстың алдын алу үшін құқықбұзушылық жиі болатын мектеп пен колледждер
бақылауға алынған. Жаңа оқу жылында 382 мектепте 128 мыңға жуық бала білім
алмақ. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күзет қызметі, бейнебақылау
камералары, турникет, өзге де жүйелер іркіліссіз жұмыс істеуі тиіс.
Психологиялық көмек көрсетіліп, цифрлық қауіпсіздік дағдысы қалыптастырылады.
Облыс прокуратурасы әзірлеген BalaQorgany Ai платформасында сауалнама жүргізу,
«Check-in» және «SOS» модульдері, мектепішілік есеп, сараптамалық бөлім
қамтылған. Кеңесте уәкілетті органдар арасында платформаны енгізу туралы
меморандумға қол қойылды.
Жүсіп Берлібай, облыстық Прокуратура басқармасының бастығы:
Бұл құралдар мектептердегі қауіпсіздік деңгейі мен психологиялық ахуалды бағалауға, тәуекелдерді уақытылы анықтауға және уәкілетті органдар тарапынан ерекше назар аударуды қажет ететін білім беру ұйымдарын айқындауға мүмкіндік береді.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17