Басты Жаңалықтар Ел жаңалықтарына шолу

Ел жаңалықтарына шолу

ҮЕҰ 8,5 млн теңгеден аса сыйақы ала алады

Үкіметтік емес ұйымдар 8,5 млн теңгеден аса сыйақы ала алады. Бұл қаражат әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Қазір өтінім қабылдау жүріп жатыр. 1 қыркүйекте аяқталады. Байқаудың мақсаты – үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру үшін қолдау көрсету. 2000 АЕК қаражатты алу бойынша қосымша ақпаратты экранда көрсетілген номерге хабарласып біле аласыздар.  

27 мың адам тамыз ҰБТ-сын тапсырды

27 мың адам тамыз ҰБТ-сын тапсырды. Шекті балды  талапкердің 53%-ы жинады. Бес пән бойынша орташа – 55 балл. Ең жоғарысы  – 136 балл. Тамыз ҰБТ-сына 98 ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкер қатысты. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тамыз ҰБТ-сына биылғы және өткен жылдардағы мектеп пен колледж түлектері, қандастар, шетелде орта білім алған түлектер, шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа даярлау бағыттарына ауысқысы келетін студенттер, сондай-ақ былтырғы оқу жылында шекті балл жинамаған және ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылданғандар қатысады.

Солтүстік Арал теңізіне 1,2 млрд текше метр су жіберілді

Солтүстік Арал теңізіне 1,2 млрд текше метр су жіберілді. Бұл - 2025 жылдың 1 қазаннан бүгінге дейін атқарылған жұмыстың нәтижесі. Су  Сырдария өзені арқылы жіберілді. Биылғы вегетация кезеңінде теңізге секундына 14 текше метр су құйылуда. Науқан аяқталғанға дейін су жіберу көлемін біртіндеп секундына 100-150 текше метрге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бүгінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 23,4 млрд текше метрге жетті. 

Сән әлемін мойындатқан жігіт Ұлттық ұланда борышын өтеуде

Сән әлемін мойындатқан жігіт Ұлттық ұланда борышын өтеп жүр. Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Шыңғыс Таңатпаев модельдік мансабын 17 жасында бастаған. Бойы мен келісті келбеті оны сән әлеміне жетелеп, халықаралық подиумдарға шығарған. Ол Францияның әйгілі Pierre Cardin сән үйінің, Италияның Federico Barrazzo және Sauvage Multi брендтерінің киімдерін көрсетіп, әлемнің түрлі елдерін шарлаған. Әйгілі брендтердің киімдерін көпшілікке таныстырған Шыңғыс Таңатпаев бүгінде әскери форма киіп, Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы борышын өтеуде.


Бөлісу