Ұлыбритания КВИ-ге қарсы екпенің 3-дозасын салмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания КВИ-ге қарсы екпенің 3-дозасын салмақ

16.09.2021

Ұлыбритания вакцинаның үшінші дозасын салмақ. Үкімет басшысы Борис Джонсон індетпен күресті күшейту жоспарымен бөлісті.

Марина Бекенова, тілші:
Ұлыбритания ковидке қарсы күресті күшейту үшін үшінші дозаны тек медицина қызметкерлеріне, 50-ден асқан адамдарға және денсаулығы әлсіз топтардың мүшелеріне ғана салуды жоспарлап отыр. Борис Джонсон үкіметі осылайша адам өміріне ғана емес, ел экономикасына да кері ықпалы зор індеттің жаңа толқынынан қорғанбақ. Эпидахуал ушыққан жағдайда кейбір талаптар күшейтіледі.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:
Қазір біз ковид-төлқұжат сұрап отырған жоқпыз. Жағдай күрделенсе, бизнес нысандарының еркін жұмыс істеп тұруы үшін оны да талап етуіміз мүмкін. Сонымен қатар жабық ғимараттарда бетперде тағуды да күн тәртібіне шығаруымыз ықтимал.

Марина Бекенова, тілші:
Бустерлік вакцина екінші дозадан кейін араға 6 ай салып егіледі. Ол үшін Пфайзер және Модерна екпелері тиімді деп танылып отыр. Алдыңғы екі дозаның қай брендтен болғаны маңызды емес, дейді мамандар. Жасы 50 ге толмаған адамдардың иммуниеті мықтырақ болғандықтан оларға қосымша вакцина салу жоспарда жоқ. Бүгінде Ұлыбританияда ковидтен 134 мыңнан астам адам қайтыс болды. Ал індетке қарсы екпе 112 мыңнан астам адамды ажалдан арашалап қалды


Хабарламаларға жазылу