Басты Жаңалықтар Ұлттық арнаның жаңа маусымда көрерменге ұсынары көп

Ұлттық арнаның жаңа маусымда көрерменге ұсынары көп

Бейне қолжетімді емес

Жаңа маусымда саясат, өнер, білім және ғылым, мәдениет салаларында жетістікке жеткен қыз-келіншектермен сұхбат негізіндегі «Әйел әлемі», қандастарға арналған «Қазақтар», шалғайдағы ауыл балаларына арналған танымдық «Талпын» хабары көрерменге жол тартады. Арнаның негізгі тартуларының бірі - «Qazaqstan дауысы» жобасы әр сенбі сағат 20:40-та эфирге шығады.

Күннің басты жаңалықтарын ұсынатын «Aqparat» қызметі, аптаның айшықты оқиғаларын саралайтын «Apta» сараптамалық бағдарламасы, қоғамды алаңдатқан тақырыптар талқыланатын «Ashyq alań», «Másele» бағдарламалары, бір-бірінен қол үзіп қалған жандарды табыстыратын «Қымбат жандар» жобасы, сондай-ақ «Парасат майданы», «Тәледәрігер», «Тәуелсіздік тәуекелдері», «Qyzyq eken...», «Menіń Qazaqstanym», «Jan jylýy» хабарлары да жалғасын таппақ.

Ұлттық арна қосулы болсын!

Бөлісу