Алматы облысында мыңнан астам бала коронавируспен ауырып шықты
Алматы облысында оқу жылы басталғалы 2 оқушы мен 2 мұғалімнен коронавирус анықталды. Жалпы жыл басынан бері 1000-нан астам бала ауырып шықты. Өңірде эпидахуал әлі де нашар. Тәулігіне 300-ге жуық науқас тіркелуде. 70-ке жуық оқушының ата-анасы балаларын онлайн форматта оқуға өтініш берген. Облыстың білім беру мекемелеріне қажетті санитарлық жабдықтарға 400 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған. Аймақ ұстаздарының 99,9 пайызы вакцина алды. Мамандар коронавируспен ауырған балалардың постковидтік синдромы өте қауіпті екенін ескертеді.
Ләйлә Серікбаева, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Асқынулар тудырады. Асқыну мысалы аневризма болуы мүмкін. Аневризма аорты. Аневризма сосудов головного мозга деген. Сондай жағдайлар болмау үшін ата-аналар тиісті міндетті түрде учаскелік дәрігерде бақылауда болуы керек.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына 16,4 млрд доллар жұмсалады
31.05.2026, 20:00
Чемпиондар лигасының финалы қалай өтті?
31.05.2026, 19:58
Пластикалық ота: Клиникаларға қойылатын талап қандай?
31.05.2026, 19:54
Көлік арзандауына не себеп?
31.05.2026, 19:52
ЕАЭО саммиті: Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық интеграцияны тереңдетуге үндеді
31.05.2026, 19:49
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
31.05.2026, 19:45
Брюссельде шетелдіктер қазақ тілін үйреніп жүр
30.05.2026, 20:21
«ПСЖ» - «Арсенал» матчы «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі
30.05.2026, 20:19