Тоқаевқа АҚШ Президентінен хат келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Джозеф Байденнен хат келді. Ол Семей ядролық полигонының жабылғанына отыз жыл толуына орай құттықтауын жеткізген.
«Америка Құрама Штаттары бұрынғы сынақ полигоны аймағын қалпына келтіру мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Сіздің Үкіметіңізбен арадағы ынтымақтастықты қоса алғанда, Қазақстанмен берік серіктестігін нығайта бермек. Америка Құрама Штаттары Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Семей аймағында әріптестік қарым-қатынаста жұмыстар атқарып келеді», – деп жазды АҚШ Президенті.
Сондай ақ қауіп-қатерді төмендетуге бағытталған Нанн-Лугар бағдарламасы аясында кеңестік ядролық сынақ инфрақұрылымынан қалған мұраны жою жолында Қазақстан мен АҚШ бірігіп жұмыс атқарғанын еске алды. Екі елдің достығын атап өтті.
«Америка Құрама Штаттары Сіздің еліңізді дос деп мақтана айтады, серіктестігіміздің әлеуетін толық әрі жемісті іске асыру үшін Сізбен жұмыс істеуге дайынмын», – делінген Байденнің хатында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50
Табысы аз азаматтарға МӘМС жарнасы жергілікті әкімдіктен төленеді
20.12.2025, 17:47
209 млн теңге жұмсалған ауызсу жобасы аяқсыз қалды
20.12.2025, 17:44
Кәріз суын тазартатын жоба жүзеге аспай қалды
20.12.2025, 17:40
Нью-Делидің ластанған ауасы су шашу тәсілімен тазартыла бастады
20.12.2025, 17:37
Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды
20.12.2025, 17:26