Батыс Қазақстан облысына 5 мың доза қытайлық вакцина жеткізілді
Батыс Қазақстан облысына тағы 5 мың доза қытайлық Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасы жеткізілді. Бұған дейін аталған екпенің 30 мың дозасы әкелінді. Қазір осы вакцинаны 4 мыңға жуық тұрғын алып үлгерген. Бұл екпені Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктерінде 3-17 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат етілген. Алдағы күндері өңірге тағы 67 мыңнан астам доза вакцина әкелінбек.
Гүлнәр Әбдірахманова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен қауіпсіз әрі тиімді деп танылған алғашқы қытайлық препарат, бүгінде әлемнің 45 елінде аталған вакцинамен ересек тұрғындарды егуге рұқсат етілген. Сонымен қатар, «Спутник» вакцинасының 37 900 дозасын күтіп отырмыз және де «QazVac» вакцинасының 30 060 дозасы күтілуде.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16