Алакөлге бара жатқан жолаушылар автобусы апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алакөлге бара жатқан жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

15.07.2019

Алматы облысында жолаушылар автобусы аударылды. Оқиға Алматы-Өскемен тас жолының 462-шақырымында болған. Апатқа ұшыраған көлікте болған 47 адам Алакөлге демалуға бара жатқан екен. 5 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Екі азамат жансақтау бөлімінде жатыр. Үшіншісіне операция жасалды. Зардап шеккендер дәрігерлердің бақылауында. Полицейлердің айтуынша, қалған жолаушылар Көктұма ауылына қарай сапарларын жалғастырған.

 

Көбейхан Нұрахмет, Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі:

 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-ші бабының екінші тармағына сәйкес тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу