Колумбияның оңтүстік-шығысында жол апатынан 13 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияның оңтүстік-шығысында жол апатынан 13 адам қаза тапты

23.01.2018

Колумбияның оңтүстік-шығысында лай көшкіні жүріп, жолаушылар автобусы жолдан тайып, апатқа ұшырады. Оқыс оқиғадан 13 адам қаза тапты. Құрбандардың қатарында бір нәресте бар. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, қайғылы оқиға Эквадормен шекаралас Пасто мен Тумако қалаларының аралығында болған. Таудан аққан лай мен тас шоссе бойына төгіліп, автобустың құзға құлауына себеп болды. Қазір құтқару операциясы жүріп жатыр. Әзірге автобуста болған жолаушылардың нақты саны белгісіз.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу