Мысырда жол апатынан 32 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырда жол апатынан 32 адам қаза тапты

29.10.2023

Мысырда ірі жол апатынан 32 адам мерт болды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 63 адам жараланған. Оқиға Каир-Александрия тасжолында, ел астанасынан 160 шақырымда болды. Апат кезінде айналаны қалың тұман басқан. Каирге бет алған жолаушылар автобусы жол шетінде тоқтап тұрған көлікке барып соғылған. Жүйіткіп келе жатқан өзге де көліктер автобуспен соқтығысты. Машиналардың кейбіреуі лезде өртке оранған. «Әл-Жазира» телеарнасының хабарлауынша, бас-аяғы 29 көлік апатқа ұшырады. Бұдан бір күн бұрын Мысырдың Метеорология агенттігі өңірде қалың тұман болатынын ескерткен екен.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу