Мысырда ірі жол апатынан 32 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырда ірі жол апатынан 32 адам мерт болды

29.10.2023

Мысырда ірі жол апатынан 32 адам мерт болды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 63 адам жараланған.

Оқиға Каир-Александрия тасжолында болды. Апат кезінде айналаны қалың тұман басқан. Каирге бет алған жолаушылар автобусы жол шетінде тоқтап тұрған көлікке барып соғылған. Жүйіткіп келе жатқан өзге де көліктер автобуспен соқтығысты. Машиналардың кейбіреуі лезде өртке оранған. "Әл-Жазира" телеарнасының хабарлауынша, бас-аяғы 29 көлік апатқа ұшырады. Бұдан бір күн бұрын Мысырдың Метеорология агенттігі өңірде қалың тұман болатынын ескерткен екен.


Хабарламаларға жазылу