Италияда автобус апатынан 21 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда автобус апатынан 21 адам мерт болды

04.10.2023

Италияның Венеция қаласында жолаушылар автобусы көпірден құлап, апатқа ұшырады. 21 адам қаза тапты. 12 жолаушы жараланған. Олардың кейбірінің жағдайы ауыр. Автобус көпірдегі қоршауды бұзып өтіп, 10 метр биіктіктен теміржолға құлаған. Көлікте бірден өрт тұтанды. Италия басылымдарының хабарлауынша, опат болғандар арасында жергілікті тұрғындармен бірге Германия және Украина азаматтары бар. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу