Токио 2020: Он бесінші жарыс күнінің нәтижесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токио 2020: Он бесінші жарыс күнінің нәтижесі

06.08.2021

Токиодағы бәсеке соңына жақындаған сайын қызып келеді. Бүгін Қазақстандық 11 спортшы жарыстың 7 түрі бойынша бақ сынаған. Алайда, күн сәтсіз өтті. Каноэ мен байдаркада жұптасып ескек есуден Маргарита Торлопова мен Светлана Усова жүлдеден тыс қалса, ерлер арасында Сергей Емельянов ширек финалдан аспады. Ал, еркін күрестен қолаға таласқан Данияр Қайсанов қарсыласына жол берсе, Әлішер Ерғали ширек финалда ұтылды. Әйелдер күресінен Валентина Исламова алғашқы айналымда жеңілді. Бірақ, бір қуантарлығы, Дәулет Ниязбеков жұбаныш белдесуіне қатысатын мүмкіндік алды. Өйткені, оны ширек финалда ұтқан әзірбайжандық Гаджи Әлиев турнирдің финалына шықты. Осылайша, қазақстандық балуан ертең қола жүлдеге таласуы мүмкін.

Ал, жеңіл атлет Айман Ратова 20 шақырымға спорттық жүгіруден 42-шi келсе, каратэші Нұрқанат Ажықанов өз тобынан шыға алмады. Көркем гимнастикадан Алина Әділханова 21-ші орынға тұрақтады.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу