Президент Премьер-Министр мен «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Мамин мен «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады.
Президентке Қазақстан халқының тұрмыс сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.
Ұсынылған жобалар Қазақстанның батыс өңірін сумен, аймақтарды газбен қамтамасыз ету, энергетика нысандарының, оның ішінде Алматы қаласындағы қуат торабының құрылысы, сондай-ақ, еліміздегі көлік дәлізінің әлеуетін дамыту салаларындағы негізгі мәселелерді шешуді көздейді.
Кездесу қорытындысы бойынша аталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты: Топтық кезең аяқталды
29.06.2026, 20:19
Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
29.06.2026, 20:16
Aqtobe Cinema кинотеатры ашылды
29.06.2026, 20:12
Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды
29.06.2026, 20:09
Пәкістаннның шабуылынан 38 адам қаза тапты
29.06.2026, 20:07
Сенат 30 жылда 3,5 мыңнан астам заң қабылдаған
29.06.2026, 20:05
Қазақстан мен Грузия стратегиялық серіктес атанды
29.06.2026, 20:04
Баспана кезегінде кімдерге басымдық беріледі?
29.06.2026, 20:03