Түркияда орман өртінен 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда орман өртінен 3 адам қаза тапты

29.07.2021

Түркияда орман өртінен 3 адам қаза тауып, ондағаны жараланды. Жалпы алғанда, 41 жерде от ошағы анықталған. Солардың басым бөлігі бақылауға алынды.

Қазір жасыл желектер елдің оңтүстігіндегі Мерсин, Османие, Адана, Анталия тәрізді провинцияларда жанып жатыр. Оларды сөндіруге 2 мыңға жуық персонал мен 30 шақты тікұшақ және басқа да техника тартылған.

Ал, Бразилияда, керісінше, қар борап тұр. Бұл мемлекеттің оңтүстігіндегі 13 қалада сынап бағанасы күрт төмендеген. Ал, шілденің 20 болған аяз кезінде 200 мың гектар кофе алқабына зиян келді.

Үндістанға тоқталсақ, оның солтүстігіндегі Химачал Прадеш штатында төпелеп жауған жаңбыр соңы су тасқынына ұласып, 14 адам мерт болды. Сонымен қатар, талай үй құлап, ауылдардың ондаған тұрғыны жоғалып кеткен. Қазір оларды іздеу-құтқару операциялары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, өткен аптада бұл мемлекетте дәл осындай су апатынан 160-тан астам үндістандық құрбан болды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу