Алжирде орман өртінен 42 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алжирде орман өртінен 42 адам қаза тапты

11.08.2021

Алжирде алапат орман өртінен 42 адам қаза тапты. Құрбандардың 25-і – жауынгерлер. Олар тұрғындарды құтқару кезінде опат болған. Лапылдаған жалын мемлекет астанасы маңындағы ауылдар мен таудағы жасыл желектерді шарпыды.

Алжирдің Азаматтық қорғаныс басқармасының дерегінше, елдің 18 аймағында қазір 41 от ошағы жанып жатыр. Оларды сөндіруге қарулы күштер сарбаздары мен жергілікті тұрғындар да тартылды.

Өткен аптада Еуропа одағының атомосфераны бақылау агенттігі Жерорта теңізі аймағын орман өрттерінің ыстық нүктесі деп атады. Өйткені, тілсіз жаудан соңғы апталарда Грекия, Түркия сияқты елдер қатты зардап шегіп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу