Алжирде орман өртінен 34 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алжирде орман өртінен 34 адам қаза тапты

25.07.2023

Алжирде орман өртінен қаза тапқандар саны 34-ке жетті. Марқұм болғандардың арасында сарбаздар бар. Жалын елдің 11 аймағын шарпыған. 1,5 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті бақылауға алу үшін 7 жарым мың маман күресіп жатыр. Алайда олардың жұмысын аптап ыстық қиындатып отыр. Өңірде ауа температурасы +49 градусқа дейін жоғарылаған.


Арай Төлегенқызы





Хабарламаларға жазылу