Майамиде құлаған ғимаратта 152 адам жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майамиде құлаған ғимаратта 152 адам жоғалып кетті

28.06.2021

АҚШ-тың Майами қаласында құлаған 12-қабатты ғимараттың астынан адамдарды іздеу операциясы жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, құрбандар саны 9-ға жетіп, 152-сі жоғалып кеткен.

Бұл мұнара 40 жыл бұрын салыныпты. Оның ел ұйқыда жатқанда неліктен опырылып түскені әлі белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Дегенмен, 2018 жылы жүргізілген инженерлік инспекция барысында нысанның астындағы гаражы құрылымының бұзыла бастағаны байқалған. Және де спутниктен алынған мәліметтерге қарағанда, айналасындағы ғимараттар орнына тұрғанда, бұл үй жыл сайын 3 миллиметрге батып отырыпты.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу