Найробиде үйінділердің астынан 6 айлық бала құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Найробиде үйінділердің астынан 6 айлық бала құтқарылды

04.05.2016
Найробиде  үйінділердің астынан 6 айлық бала құтқарылды
Кения астанасы Найроби қаласында 4 күн бұрын құлаған үйдің үйінділері астынан 6 айлық қыз бала құтқарылды.

Алты қабаттық ғимараттың қабырғалары жұма күні опырылып құлаған.

Соның салдарынан 23 адам қаза тауып, 100-ге жуығы із-түзсіз жоғалып кеткен. Қайғылы оқиғаға нысанның іргетасын шайып тастаған нөсер жауын себеп болуы мүмкін.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу