Венгрияда туристік катер апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венгрияда туристік катер апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты

30.05.2019

Венгрия астанасы Будапештте туристік катер апатқа ұшырап, кемінде 7 адам қаза тапты. 16-сы із-түзсіз жоғалып кетті. 7 жолаушы жараланып, ауруханаға жеткізілген.

Апат Дунай өзенінде болды. Полицияның хабарлауынша, екі экскурсиялық катер соғылып, оның біреуі аударылып, суға батып кеткен. Зардап шеккен қайық бортындағы 35 адамның 33-і - Оңтүстік Корея азаматтары, екеуі – экипаж мүшесі. Суға құлаған жолаушылар өзеннің күшті ағынына төтеп бере алмады. Оларды іздеуге толассыз жауған нөсер кедергі келтіріп отыр. Дегенмен, құтқару жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Жағалау бойына күзет қойылып, дайверлер су түбін тінтуде.

Апатқа байланысты Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин жедел әрекет ету тобын құрып, Венгрияға жіберуге тапсырма берді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу