АҚШ-та 12 қабатты ғимарат құлады: 100-ге жуық тұрғын хабар-ошарсыз кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 12 қабатты ғимарат құлады: 100-ге жуық тұрғын хабар-ошарсыз кеткен

25.06.2021

АҚШ-тың Майами қаласында 12 қабатты ғимарат құлап, 1 адам қаза тапқан. 100-ге жуық азамат жоғалып кетті. 102 адам аман қалған. Мұны жергілікті билік өкілдері мәлімдеді. Қазір апат болған жерде ауқымды құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Ал, 40 жыл бұрын салынған мұнараның неліктен опырылып түскені әзірге белгісіз. Дегенмен, онда жуырда жөндеу жұмыстары басталыпты, көрші ғимаратта құрылыс әлі аяқталмағаны белгілі болып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу