«Qazaqstan» мен «Qazsport» футболдан Америка Кубогының ойындарын көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» мен «Qazsport» футболдан Америка Кубогының ойындарын көрсетеді

11.06.2021
«Qazaqstan» мен «Qazsport» футболдан Америка Кубогының ойындарын көрсетеді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболдан Америка Кубогының ойындарын көрсету құқығын иеленді. Оңтүстік Америка құрамалары арасындағы турнир 13 маусым мен 11 шілде аралығында Бразилияда өтеді. Турнирдің барлық матчтарын қазақстандық жанкүйерлер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. 

Бастапқыда, Копа Америка-2021 Аргентина мен Колумбия алаңдарында өтуі тиіс болатын. Бірақ турнирдің басталуына екі апта қалғанда Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы коронавирусқа байланысты жарысты Бразилияға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Сырттан шақыртылған екі құрама – Австралия мен Катар жарыстан бас тартқаннан кейін, Америка Кубогына 10 команда қатысатын болды. Олар екі топқа бөлінген. Ширек-финалға әр топтан төрт командадан шығады. 

Соңғы Копа Американының жеңімпазы - Бразилия құрамасы.


A тобы: Аргентина, Боливия, Уругвай, Чили, Парагвай

B тобы: Колумбия, Бразилия, Венесуэла, Эквадор, Перу

13 маусым, 03:00 - Бразилия – Венесуэла, «Qazaqstan»

14 маусым, 06:00 – Колумбия – Эквадор, «Qazsport»

14 маусым, 03:00 – Аргентина – Чили, «Qazsport» 

15 маусым, 06:00 - Парагвай – Боливия, «Qazaqstan»

17 маусым, 03:00 – Колумбия – Венесуэла, «Qazsport»

18 маусым, 06:00 - Бразилия – Перу,  «Qazaqstan»

18 маусым, 03:00 – Чили – Боливия, «Qazsport»

19 маусым, 06:00 – Аргентина – Уругвай, «Qazaqstan»

20 маусым, 03:00 – Венесуэла – Эквадор, «Qazsport»

21 маусым, 06:00 – Колумбия – Перу, «Qazaqstan»   

21 маусым, 03:00 – Уругвай – Чили, «Qazsport»

22 маусым, 06:00 – Аргентина – Парагвай, «Qazaqstan»   

23 маусым, 03:00 – Эквадор – Перу, «Qazsport»

24 маусым, 06:00 - Колумбия – Бразилия, «Qazaqstan»   

24 маусым, 03:00 – Боливия – Уругвай, «Qazsport»

25 маусым, 06:00 – Чили – Парагвай, «Qazaqstan»   

27 маусым, 03:00 -  Бразилия- Эквадор, «Qazaqstan» 

27 маусым, 03:00 – Венесуэла – Перу, «Qazsport»

29 маусым , 06:00  – Уругвай – Парагвай, «Qazsport»

29 маусым , 06:00 – Боливия - Аргентина, «Qazaqstan» 

2 шілде, 03:00 – 1/4 финал, «Qazsport»

3 шілде, 06:00 - 1/4 финал, «Qazaqstan»   

3 шілде, 04:00 - 1/4 финал, «Qazsport»

4 шілде, 06:50 - 1/4 финал, «Qazaqstan»   

5 шілде, 04:50 – 1/2 финал, «Qazaqstan» және «Qazsport»

7 шілде, 06:50 – 1/2 финал, «Qazaqstan» және «Qazsport»

10 шілде, 05:50 – Үшінші орын үшін матч, «Qazaqstan» және «Qazsport»

11 шілде, 05:50 – Финал, «Qazaqstan» және «Qazsport»  

Ойындарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тамашалай аласыздар.


футбол Qazsport тікелей эфир

Хабарламаларға жазылу