Президент Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатында жеңіске жеткен қазақ елінің боксшы қыздарын құттықтады. Құрлықтың мықты спортшылары жиналған бәсекеде қыздар құрамасы ел мерейін асқақтатты. Бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жасалған тамаша тарту делінген құттықтауда. Айта кетейік боксшыларымыз 10 салмақта 10 медаль алып жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Жалпы он салмақ бойынша өткен додада спортшыларымыз 8 салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Тағы бір күміс пен бір қола жүлдені құрама қоржынына салды. 8 алтын медаль Азиядағы рекордты көрсеткіш. Бұған дейінгі ең жоғарғы көрсеткіш жеті алтынға 2005 жылы Үндістан құрамасы қол жеткізген. 51 келі салмақтағы Назым Қызайбай алты дүркін Әлем чемпионы үндістандық Мэри Комді тізе бүктіріп, өзінің спорттық тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанды.
Назым Қызайбай, Бокстан Азия чемпионы:
Әрине, өте қуаныштымын жеңгеніме. Көп еңбек еттік. Соның арқасы деп ойлаймын. Еңбектеріміз ақталды. Ең бірінші жаттықтырушыларының айтқанын істедім.