Қытай Марсқа ғарыш кемесін қондырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай Марсқа ғарыш кемесін қондырды

17.05.2021

Қытай өз тарихында алғаш рет Марсқа ғарыш кемесін қондырды. Осылайша, ол әлемде Америка Құрама Штаттарынан кейін Қызыл планетаға космостық аппаратты сәтті жеткізген екінші елге айналып отыр. 

Ровер Марстың үстіңгі қабатының топырағы мен атмосферасын зерттеуге тиіс. Сонымен қатар, ол радарының көмегімен ғаламшарда ежелгі тіршіліктің, судың, мұздың нышандарын да іздейді. 

Қытайлық кеме былтыр шілдеде ұшырылып, Марстың орбитасына биыл ақпанда жеткен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу