Илон Маск алдағы 4 жылда Айды айналып өтуді, кейін Марсқа жол ашуды жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илон Маск алдағы 4 жылда Айды айналып өтуді, кейін Марсқа жол ашуды жоспарлап отыр

31.05.2020

27 мамыр күні ауа райы қолайсыздығынан кейінге шегерілген SpaceX компаниясы Crew Dragon ғарыштық кемесінің Флоридадағы Launch Complex 39A аймағынан ұшуы бүгін сәтті өтті. Flacon 9 зымыраны астронавттар Роберт Бенкен мен Даглас Хёрли мінген ғарыш кемесін бірнеше минут ішінде 200 км биіктіктегі орбитаға жеткізді. Енді Crew Dragon Халықаралық ғарыш станциясына 19 сағат көлемінде жетеді.

SpaceX компаниясының басшысы Илон Масктың айтуынша, адамзат Crew Dragon-мен мақтануы тиіс.

«Бұл қадам - адамзаттың мультипланеталық деңгейге шығуының алғашқы сатысы. Дәл қазір жеңісті тойлаудың қажеті шамалы. Ғарышкерлерді аман-есен Жерге қондыруымыз керек. Кейін мұндай ұшулардың жиі болуын қамтамасыз етеміз»,- дейді Маск.

Сондай-ақ Илон Маск алдағы 4 жыл ішінде Айды айналып өтуді, ал кейін Марсқа жол ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

NASA


Хабарламаларға жазылу