Әбу-Дабиде дзюдошылар үшін екінші жарыс күні сәтсіз аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбу-Дабиде дзюдошылар үшін екінші жарыс күні сәтсіз аяқталды

20.05.2024

Абу-Дабиде дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні қазақстандық спортшылар үшін сәтсіз болды. 66 мен 73 келіде ерлерден 4 дзюдошы, қыздардан 57 келіде Бақыт Құсақбаева бақ сынады. Бәрі де бірінші кездесуінде-ақ жеңілді. 66 келіге дейінгі салмақта күрескен Ғұсман Қырғызбаев израильдік спортшы Тал Мерцающийге есе жіберді. Отандасымыз жасаған әдіс бағаланғанымен, артынша бейнеқайталау сәтінде төрешілер қазақстандық дзюдошының ереже бұзғанын байқап, жарыстан шетті.

Дегенмен Ұлттық құраманың бас бапкері бұл шешіммен келіспейді. Жекпе-жекте қазақстандық татами шеберінің басым болғанын және жеңгенін айтты. Сондай-ақ 81 келіде белдесу керек болған Абылайхан Жұбаназар әлем біріншілігінен тыс қалды. Оған татами шеберінің денсауылығы сыр бергені себеп болды.

Нұрбол Сүлейменов, Дзюдодан ерлер құрамасының бас бапкері:
Ғұсман Қырғызбаев күресті көрдіңіздер, мен төрешілерді түсінбеді. Қазіргі ереже кейде былай болады, кейде олай береді түсінбедім. Ғұсманның жағдайында үш шидо беру керек еді Израиль спортшысына. Керісінше, Ғұсманға беріп, бір ұпайын алып тастады. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу