Үш астронавт Гоби шөліне қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш астронавт Гоби шөліне қонды

16.04.2022

Қытайлық үш астронавт ғарышта 183 күн болып, бүгін Жерге сәтті қонды. Мұны елдің «Си-си-ти-ви» телекомпаниясы хабарлап отыр. Бұл экипаж ел тарихындағы бірінші ғарыштық станциядан 9 сағатта жеткен. Ғарышкерлер мінген «Шэньчжоу 13» капсуласы Ішкі Моңғолияның солтүстік аймағындағы Гоби шөліне табан тіреді. Қытай алғашқы астронавтын 2003 жылы ұшырып, 2013 жылы Айға және өткен жылы Марсқа робот-роверлерді қондырды.

Бір кездері Қытай, Халықаралық ғарыш станциясынан шығарылған. Себебі АҚШ оның ғарыштық бағдарламасы биліктегі компартияның әскери қанаты - Халық азаттық армиясына бағынышты деп есептеді. Қытай - бұрынғы Кеңес Одағы мен Құрама Штаттардан кейін ғарышқа өз бетімен адам ұшырған үшінші мемлекет.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу