3 астронавт ертең жаңа ғарыш станциясына аттанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

3 астронавт ертең жаңа ғарыш станциясына аттанады

16.06.2021

Қытай ертең өзі салып жатқан ғарыш станциясына үш астронавт аттандырады. Олар бүгін Ганьсу провинциясының Цзюцюань қаласында баспасөз маслихатына қатысып, алдағы күрделі әрі қатал миссиядан көп жайт күтетіндерін мәлімдеді.

56 жастағы Ние Хайшэн, 54 жастағы Лю Бомин және 45 жастағы Тан Хунбо «Шэньчжоу-12» кемесімен бейсенбіде жергілікті уақытпен 9:22-де орбитаға ұшады.

Бұл экипаж - келесі жылдың соңына дейін Қытайдың ғарыш станциясының құрылысын аяқтауы тиіс төрт миссияның біріншісі. Олар жоспар бойынша орбиталық бекетте үш ай жұмыс істеулері керек.

Айта кетсек, Қытай 2003 жылдан бері космосқа 11 астронавт жөнелтіп, Ай мен Марсқа бірнеше зонд жіберген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу