Demoscope сауалнамаcына қатысқан азаматтардың 64%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдайды. Бұл туралы Demoscope қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы хабарлады.
Сауалнамаға қатысқан 23% қатысушы коронавирусқа қарсы вакцинаға қарсы. DEMOSCOPE Қазақстан азаматтары арасында «Қазақстандықтардың коронавирусқа қарсы вакцинаға көзқарасы» тақырыбында сауалнама жүргізді. Оған 2021 жылы 27-30 сәуір аралығында 14 облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) тұратын, 18 жастан асқан 1100 адам қатысты. Қатысушылардың 53% -ы ер азаматтар, 47% -ы әйелдер. Зерттеуде Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмерлерінің абоненттік қоры пайдаланылды. Іріктеу ықтималдығы 95%, статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 3%-дан аспайды.
Сарапшылар Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салу қарқыны төмен дейді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 1,5 миллионға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін және 350 мың адам екінші компонентін алды. Бұл – вакцина салуға болатын халықтың 15%-ы.
DEMOSCOPE бюросы жүргізген сауалнама деректеріне сәйкес, пандемия басталғалы бері 34% азаматтың вакцинацияға көзқарасы жақсарған. 30% респондент иммунизацияны әрдайым қолдайтынын айтты. Барлығын қосқанда, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 64%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдайды. Сонымен қатар, 23% респондент вакцинацияға қарсы. Олардың 9%-ы пандемия басталғалы бері ойын өзгертті, ал 14%-ы жалпы екпе салдыруға қарсы.
Сауалнама қорытындысыны сүйенсек, қазақстандықтардың басым көпшілігі вакцинацияны қолдайды. Коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы екпе жасату деп есептейтін респондент –59%. 23% бейтарап пікірде, вакцинация жағдайды түбегейлі өзгертпейді дейді олар. Ал 12% вакцинация жағдайды ушықтырып жібереді ме деп алаңдайды.