Елордада 118 мыңнан астам адам вакцина салдырды
Елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Бұл туралы қаланың бас мемелекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді. Айта кету керек, қала 2 айдан бері қызыл аймақта. Дегенмен, өткен аптамен салыстырғанда вирус жұқтырғандар саны 8,5 пайызға азайған. Қазір шаһарда халықты жаппай вакцинациялау жұмыстары ширап келеді. Қалада 100 егу пункті жұмыс істейді. Сонымен қатар, жылжымалы кешендер тартылған. Бүгінгі таңда бас қалада 2 мыңнан астам адам отандық «QazVac» вакцинасын салдырған. Қосымша 6 мың доза бар. Осы айда 57 мың «Hayat-Vax» вакцинасы жеткізілмекші. «Спутник V» вакцинасының 350 мыңнан астам дозасы бар. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда елорда бойынша 118 мыңнан астам адам екпе алды.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтын Ордада мегаполистер болды
02.07.2026, 11:23
Алтын Орда – сауда мен логистикада революция жасаған алғашқы мемлекет
02.07.2026, 11:15
Алтын Орданың үш ғасырлық тарихында 150-ден астам қала бой көтерді
02.07.2026, 10:59
Қырымнан Қытайға дейін: Кедергісіз сауда жолы
02.07.2026, 10:46
ӘЧ-206: Атлантада англияның асығы алшысынан түсті
02.07.2026, 10:09
Астанада Қазақстанның тарихи карталар галереясы мен кәдесыйлар алаңы ашылды
02.07.2026, 10:09
Астанаға келетін турист саны артты
02.07.2026, 10:06
Қостанай облысында Құсмұрын теміржол вокзалы жаңартылды
02.07.2026, 10:06