Қостанай облысында Құсмұрын теміржол вокзалы жаңартылды
Қостанай облысындағы Құсмұрын ауылының теміржол вокзалы қайта жаңартылып, ел игілігіне берілді. 80 жыл бұрын салынған ескі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 960 миллион теңге бөлінген. Ғимараттың іші-сырты жаңарып, перроны кеңейтілді, жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасалған. Енді станция тіпті 20 вагондық жолаушылар пойызын еркін қабылдай алады. Жалпы елде биыл Президент тапсырмасымен 124 теміржол вокзалы жаңаруы тиіс. Өңірде бұл тізімге 6 нысан енген. Бүгінде Аманқарағай және Құсмұрын ауылдарында жұмыс толық аяқталды.
Марат Туғамбаев, «Қостанай магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры:
Жаңадан еуростандартпен бәрі жасалды. Ішінде теміржол полициясының бөлімшесі, ана мен балаға арналған бөлмелер бар. Күніне 70-80 адамдай қабылдайды. 8 жұп жолаушылар пойызын қабылдайды.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында 2 мың жазасын өтеуші жұмыс істейді
04.09.2026, 20:20
Көшпенділер ойындары: Қоржында 25 алтын
04.09.2026, 20:15
Айыппұлмен келіспеген жүргізуші 10 тәулік ішінде шағымдана алады
04.09.2026, 20:09
7400 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды
04.09.2026, 20:07
Ақмола облысында жыл соңына дейін инклюзияны қолдау бойынша 30 кабинет ашылады
04.09.2026, 20:05
Қытайда жойқын су тасқыны болды
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк зейнетақы активтерін кәсіби басқарушы компанияларға беру тәсілін өзгертпек
04.09.2026, 20:05