Қарағандының іргесіндегі Доскей ауылында техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Себебі елді мекен маңындағы қоқыс полигоны 15 сәуірден бері жанып жатыр. Өрт шалған жердің жалпы аумағы 1500 шаршы метр, ал үйілген жалдардың биіктігі 3 метрге жуықтайды. Жалынды өшіру оңайға соқпады. Қоқыс әлі де бықсып, жел терісінен соққанда ащы түтін маңайдағы елдімекендерге дейін жетуде. Полиция іс қозғады. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ал, Өскеменнің іргесінде Ертіс өзенінің сол жағалауында құрғақ шөп жанды. Төтенше жағдайлар басқармасы дала өртін сөндіру үшін поезд қолданды. Әйтпегенде қатты жел салдарынан өрт одан сайын өршіп, аз уақытта 30 гектар аумаққа жайылып үлгерген. Тіпті өрт сөндірушілер де оқиға орнына қайықпен жеткізілді.
Руслан Нұрланұлы